Жол үстінде контент үшін оқыс видео түсірген өскемендік жазаланды
Бүгін / Өскемен
Желіде блогердің жол ортасына үстел мен орындық шығарып, түсірілім жасаған сәті бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны жедел анықтады. 22 жастағы шаһар тұрғынына жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Пікірлер