A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:45 0

Өскеменде заңсыз қайта жабдықталған көлік табылды

Бүгін / Өскемен

Полиция қызметкерлері конструкциясына рұқсатсыз өзгеріс енгізілген Lada автокөлігін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тексеру барысында көлікке LED үлгісіндегі жарықдиодты шамдар орнатылып, сондай-ақ шығару жүйесінің қайта жабдықталғаны белгілі болды.
– Мұндай өзгерістер шу деңгейінің жоғарылап, жол қозғалысына қатысушылар мен қала тұрғындарына қолайсыздық туғызуы мүмкін, – деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 
Көлік жүргізушісі анықталды. Ол – Өскемен қаласының 19 жастағы тұрғыны. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив