Бүгін жерлестеріміз Батыс Қазақстан құрамасына қарсы ойнады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көкпардан жастар арасындағы ХХ Қазақстан чемпионаты Павлодар облысында өтіп жатыр. Екі күн бұрын басталған. Биылғы бәсекеге еліміздің барлық облысы мен қалаларынан қатысып, жеребе нәтижесінде А, В, С және D топтарына бөлінді. Шығыс Қазақстан облысы командасы В тобына түсті.
Өңір көкпаршылары алғашқы ойында Ақмола облысы құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.
Екінші топтық ойында Шымкент қаласы құрамасымен күш сынасты. Кездесу қорытындысында шымкенттік көкпаршылар 11:1 есебімен басым түсті.
Ал үшінші ойында құрама Батыс Қазақстан облысы көкпаршыларымен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында жерлестеріміз қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Пікірлер