Оқиға Борис Александров көшесінде болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына келгенде ғимараттан қою қара түтін шығып жатқан.
– Өрт заттар мен жиһаздарды да шарпыған. Зардап шеккендер жоқ, – деді ТЖД ресми өкілі Марина Лискова.
Өрт сөндірушілер ғимарат ішінен газ баллонын алып шыққан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Пікірлер