A+ A A-

talgatzhan 35 18-11-2024, 16:55 0

ШҚО-да сот психотроптық заттарды сақтады деп айыпталғандарды ақтады

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облыстық соты екі адамды ақтап шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Есімдері П. және И. деп қысқартылған тұрғындар ҚК-нің 297-бабы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтау) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ қылмыстық іс сотталған және үкіммен келіспеген қорғаушылардың шағымдары үшін апелляциялық сотқа жіберілді.
Сот алқасы бірнеше негізге сүйеніп үкімді жойды. Анықталғандай, пәтер мен гаражды тінту, психотроптық заттарды анықтау кезінде тергеуші куәгерлер мен үй иесі жоқ кезде қоймада жалғыз жүрді. Оның әрекеті бейнекамераға да түспеген. Осыған қарап оның іс-әрекеті күдік туғызды. Сондай-ақ тергеу көрсеткен объектілерден П. мен И.-дің биологиялық іздері табылмады.
- Сот алқасы тінту хаттамасын жеткіліксіз айғақ деп танып, П. мен И.-дің қылмыс жасаудағы кінәсі дәлелденбеді деген қорытындыға келді. Ақтау үкімі шығарылды, - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив