A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:00 0

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады

Бүгін / Республика

Бүгін, 29 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Петропавл және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар әсерінен ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін әлсіз жел, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

«Қазгидромет» мәліметінше, атмосфералық ауаның ластану деңгейіне желдің күші, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы сияқты факторлар әсер етеді.

Мұндай кезде мамандар ашық ауада болу уақытын қысқартуды, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуді ұсынады.

Спорттық жаттығуларды мүмкіндік болса, жабық спорт нысандарында өткізген жөн.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив