Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімі сарбаздары Потанин көшесіндегі аулалардың бірін патрульдеу кезінде 60-қа жуық күдікті түйіншек тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аумақты патрульдеп жүрген әскери қызметшілер Давид Хасенов пен Артур Двинянин күдікті заттарды ағаштар маңынан байқаған. Жауынгерлер бірден бастығына хабарлап, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Табылған заттардың барлығы сараптамаға жіберілді. Олардың нақты құрамы сараптама нәтижесі бойынша анықталады.
Пікірлер