Осы сұрақты кеше @asnews.kz тілшісі Әлім Динасылов футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ‘т Схипке қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, қазір «Алтай Өскемен» клубының ойыншылары Ибрагим Дадаев пен Сейф Поповты шақыру жағын қарастырып отырған жоқ.
– Мен қазіргі құрамымызға толық сенімдімін. Әр ойыншыны қадағалап отырмыз, бірақ қазір мұнда жоқ адамдар туралы айтудың қажеті жоқ. Бізде команда қарамағында жүрген футболшылар бар және мен олардың қабілеттеріне толық сенемін. Ендігі олардың міндеті – ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге лайық екендіктерін алаңда дәлелдеу, – деді бапкер.
Дереккөз: asnews.kz
Фото: kazfootball.kz
Пікірлер