Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, басқа өңірдің 39 жастағы тұрғыны ұсталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көлікті тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған алты түйіншек табылды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Жалпы салмағы – шамамен үш келі.
Полиция мәліметінше, күдікті есірткіні Өскеменде сатпақшы болды.
Аталған фактіке сәйкес қылмыстық іс қозғалып, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пікірлер