A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:55 0

Шығын – 120 мың теңге: Шемонаиха ауданында ер адам көліктен екі телефон ұрлап кеткен

Бүгін / Шемонаиха

Volkswagen Vento көлігінің жүргізушісі темір тұлпарын тұраққа қойып, құлыптамай кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы сәтті пайдаланған ұры көліктің ішінен екі ұялы телефонды алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері көлікті тексеру барысында саусақ іздерін анықтаған. Олар «Папилон» дактилоскопиялық базасы арқылы тексеріліп, 42 жастағы жергілікті тұрғынның деректерімен сәйкес келген.
Күдікті ұсталып, тергеу барысында ұрлық жасағанын мойындаған. Ол қолды болған телефондарды полицияға тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив