A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 16:00 0

Сүт өндірісінде қай өңір алда? Жаңа статистика шықты

Бүгін / Республика

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 441,3 мың тонна өңделген сүт өндірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға артық (440,5 мың тонна).

— Осы кезеңде өндірістің ең жоғары көлемі Солтүстік Қазақстан облысында (120,8 мың тонна), Ақмола (96,2 мың тонна), Алматы (64,7 мың тонна) және Қостанай (43,0 мың тонна) облыстарында тіркелді, — делінген ресми ақпаратта.

Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 671,0 мың тонна өңделген сүт өндірілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға артық.

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында өңделген сүт экспорты 2,9 мың тоннаны құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0%-ға жоғары (2,8 мың тонна). Экспорттың негізгі бағыттары Ресей (2,24 мың тонна), Өзбекстан (307,9 тонна) және Тәжікстан (194,0 тонна) болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив