A+ A A-

talgatzhan 36 18-11-2024, 17:40 0

ШҚО мен Израиль арасындағы тауар айналымы 16,6 миллион АҚШ долларын құрады

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімі Ермек Көшербаев Израильдің Қазақстан мен Қырғызстан Республикасындағы елшісі Эдвин Натан Ябо Глусманмен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, ШҚО мен Израиль мемлекеті арасындағы өткен жылдың тауар айналымы 16,6 миллион АҚШ долларын құрады. Импорттық тауарлардың дені химиялық өнеркәсіп өнімдерінен құралған. Оның ішінде каучук пен пластмасса бар. Сондай-ақ облыс аумағында Израильдің екі кәсіпорны жұмыс істейді. 
Аймақ басшысы елшіні өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарымен таныстырды. Кездесу барысында қос тарап медицина, туризм, инновациялық технологияларды дамыту бағыттарын кеңінен талқылады. 
Өскеменге жұмыс сапарымен келген Эдвин Натан Ябо Глусман бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу ұйымдастырмақ. Бұдан бөлек, Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттеріне инновациялық білім беру бойынша лекция оқуды жоспарлап отыр. 
Елшінің айтуынша, Израиль әлем бойынша инновациялық хабқа айналып үлгерген. Сондықтан бұл мемлекеттің осы саладағы тәжірибесі өзге елдерде қолданылуы әбден мүмкін.

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив