21 қараша күні сағат 11:00-де "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өңірде электрсиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, бұл "Баршаның назарына!" деген белгіні білдіреді.
- Ересектер сирена дыбысы туралы балаларға түсіндіруі керек. Дабылды естігенде қорқудың қажеті жоқ. ТЖД мамандары құлақтандыру жүйесінің жаттығуларына түсіністікпен қарауды сұрайды, - делінген ақпаратта.
Пікірлер