1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай шаһардағы медициналық мекемелерде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған орай облыстық аурухана 60 жастан асқан тұрғындарға тегін галокамера қызметін ұсынады. Галокамера (тұз камерасы) – тұзды аэрозольді қолдануға негізделген, тыныс алу жолдарына қатысты кейбір профилактикалық және сауықтыру шараларында пайдаланылатын әдіс.
Іс-шара 1 қазан күні сағат 08:00-ден 15:30-ға дейін өтеді.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26, Диагностикалық орталық, 236-кабинет.
Пікірлер