A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:15 0

Фотосуретті тұрғын келісімінсіз жариялаған өскемендіктер 600 мың теңге төлейтін болды

Бүгін / Өскемен

Шаһар тұрғыны туралы Instagram желісінде фотосуретін келісімінсіз жариялап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпарат таратқан екі адамға сот шешімімен жалпы 600 мың теңге өтемақы тағайындалды, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сонымен қатар, жарияланымдарды өшіріп, жалған ақпаратты теріске шығару міндеттелді. ҚР Жоғарғы Соты мәліметінше, қала тұрғыны Instagram желісінен өзіне қатысты ақпаратты көрген. Онда оның фотосуреті әдепсіз сөздермен беріліпті. Сондай-ақ адамгершілікке жат мінез-құлық танытып, «клиенттерге қатысты өзімшіл мақсаттары» бар екені туралы мәлімдемелермен бірге жарияланған.
Оның авторлары өз сөздерін «жеке пікіріміз» деп түсіндіруге тырысқан. Алайда сот бұл уәж қабылдаманбады.
Сот ақпаратынша, нақты бір адамға қатысты эмоционалды сипаттағы айыптаулар жай ғана пікір емес, дәлелдеуді қажет ететін нақты тұжырымдар болуы мүмкін. Жауапкерлер өздері таратқан мәліметтердің шынайылығын растайтын дәлелдер ұсынбаған. Бұдан бөлек, адамның фотосуретін оның келісімінсіз жариялау да заң талаптарын бұзуы мүмкін екені ескерілді.
Сот жауапкерлерге шығарған ақпараттарды алып тастап, жалған ақпаратты теріске шығаруды міндеттеді. Сондай-ақ екі жауапкердің әрқайсысынан моральдық зиян мен сот шығындарын өтеу үшін 300 мың теңгеден өндіру туралы шешім шығарылды. Апелляциялық және кассациялық соттар бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив