A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 11:15 0

ШҚО-да көмір бойынша берешек 700 млн теңгеге таяу: бірақ ЖЭО-лар алдағы қысқа дайын

Бүгін / ШҚО

Облыс бойынша көмір қарызы 676,8 млн теңге. Бірақ оны жыл соңына дейін өтеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігі отырысында айтылды. Аталған жиында негізгі мәселе өңірдің жылыту маусымына дайындығы болды. Биыл энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Анықталғандай, Өскемен, Согра және Риддерде орналасқан ЖЭО-лардың дайындығы 98%-ға жетті. Энергетиктер жылыту маусымын кез келген уақытта бастауға дайын екенін жеткізді.

Риддер ЖЭО ерекше бақылауда тұрған көрінеді. Кеншілер қаласындағы жылу желілерін модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл қыс мезгілінде жылу шығынын азайтуға бағытталған процесс. Жылу желілерін жөндеуге 1 млрд теңгеден астам ақша бөлінген.

Аудандық қазандықтардың да дайындығы жоғары. Негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталған.

Бюджеттік ұйымдар, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылыту маусымына қажетті техникалық жұмыстарды жүргізіп, ғимараттардың дайындығын 100%-ға жеткізді. 

Одан бөлек, жиында көмір үшін дебиторлық берешек мәселесі де сөз болды. Өңір бойынша жалпы қарыз көлемі 676,8 млн теңгені көрсетті. Оны жыл соңына дейін өтеу жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив