Облыста дәстүрлі «Үздік педагог» республикалық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Нәтижесінде 10 мұғалім республикалық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Байқаудың аудандық және қалалық кезеңіне 51 педагог қатысқан. Оның 20-сы облыстық кезеңге өтіп, үздіктер қатарынан 10 ұстаз республикалық кезеңге іріктелді.
Аталған байқау педагогтердің кәсіби жетістіктерін бағалап қана қоймай, білім беру саласындағы жаңа әрі дәстүрлі емес әдістерді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру және үздік педагогтерді ынталандыру көзделген.
Республикалық кезеңге жолдама алған 10 педагог тізімі:
1. Нәзигүл Ақыбаева, педагог-шебер, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектеп», қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
2. Бигүл Әбежанова, педагог-шебер, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле жалпы білім беретін мектебі», қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
3. Гүлшат Бакетаева, педагог-зерттеуші, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі», қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
4. Бақытгүл Табиева, педагог-зерттеуші, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі», қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
5. Татьяна Дрогунова, педагог-шебер, «Исток» жеке меншік жалпы оқу мектебі»мекеме», бастауыш сынып мұғалімі;
6. Риза Куленова, педагог-зерттеуші, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі», бастауыш сынып мұғалімі;
7. Гүлмира Сапарғалиева, педагог-зерттеуші, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі», математика пәнінің оқытушысы;
8. Светлана Трофимова, педагог-зерттеуші, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі», информатика пәні мұғалімі;
9. Мадина Серікқызы, педагог-зерттеуші, «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі», ағылшын пәні мұғалімі;
10. Наталья Левыкина, педагог-зерттеуші, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі», математика пәні мұғалімі.
Фото: dauletten.kz
Пікірлер