Қазақстанда соңғы үш жылда интернет-алаяқтық деректері 40%-ға азайған. Осы кезеңде жәбірленушілерге келтірілген 6 млрд теңгеден астам шығын қайтарылып, 170 млн-нан астам жалған қоңырау бұғатталған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, биыл да интернет-алаяқтық деректерінің азаю үрдісі сақталып отыр. Атап айтқанда, биылғы сегіз айда мұндай қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға төмендеген.
2025 жылы 16 564 қылмыс тіркелсе, биыл 14 417 дерек тіркелді. Сонымен қатар қылмыстарды ашу көрсеткіші 7%-ға жақсарды, – деді Санжар Әділов.
Оның мәліметінше, соңғы үш жылда 5,5 млрд теңгеден астам қаражаттың шетелге аударылуына тосқауыл қойылған.
Сондай-ақ банк деректемелерін сыйақы үшін үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Бұған қоса, интернет-алаяқтықпен күресу мақсатында антифрод жүйесі жұмыс істеп жатыр.
Пікірлер