Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі хабарлайды.
Мемлекет басшысы екі жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген болатын. Сонда жас футболшы Альтаир Бақытұлы жабық стадион салу туралы өтінішін жеткізген.
Облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мәліметінше, қазір жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сараптама қорытындысы осы жылдың төртінші тоқсанында шығарылады деп күтілуде. Осыдан кейін мердігерді таңдап, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Стадион шаһардағы 22-ші ықшамаудан аумағында салынады. Ғимараттың жалпы ауданы 37 283,88 шаршы метр. Нысан 5000 көрерменге арналған.
Стадионда жасанды жабындысы бар футбол алаңы, мұз айдыны, спорт алаңы, жаттығу аймағы, жалға берілетін дүкендер және балалар ойын алаңы болады.
Жобаның нақты әрі соңғы құны әзірге анықталған жоқ. Ол мемлекеттік сараптаманың нәтижелері бойынша белгілі болады.
– Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуда. Жобаны одан әрі іске асыру оны бюджеттен қаржыландыру немесе инвесторларды тарту мүмкіндігін ескере отырып қарастырылады, – делінген басқарма мәліметінде.
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі
Пікірлер