A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:15 0

Өскемендіктердің жылу мен ыстық суға қарызы 230 миллион теңгеден асты

Бүгін / Өскемен

Жақында шаһарда жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған орай төленбеген қарыз жылуға қосу кезінде кедергі келтіруі мүмкін бе деген сұрақ туындайды. 
– Көппәтерлі үйлердегі жылу жүйелері жылуды қабылдауға техникалық тұрғыдан дайын болған жағдайда кестеге сәйкес қосылады, – деп хабарлады «Шығыс Жылу» АҚ өкілдері.
Тұрғындар өз ғимараттарының дайындығы мен қосылу кестесін ukteplo.kz веб-сайтында, «Тұтынушылар – жылыту маусымына дайындық» деген бөлім, артынша жеке кабинеті мен «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасынан бақылай алады.
Белгілі болғандай, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 873 тұтынушының «Шығыс Жылу» АҚ алдындағы жылыту және ыстық су қызметтері үшін 230 493 000 теңге қарызы бар.
– Қарызды өндіріп алу жұмыстары жалғасуда, – деді компания мамандары.
 «Шығыс Жылу» АҚ мәліметінше, жылуға қосылу кезінде басымдық берілетін негізгі фактор – тиісті актімен расталған үйдің техникалық дайындығы.
– Жылытуды қабылдауға техникалық тұрғыдан дайын барлық көпқабатты үй кестеге сәйкес 2026/2027 жылғы жылыту маусымының басталуы кезінде қосылады, – делінген компания берген мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив