A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:50 0

Өскеменде AUYL SPORT облыстық турнирі басталды

Бүгін / Өскемен

Сайысқа өңірдің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық спортшы келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Турнирдің ашылу салтанатына аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысып, спортшыларды құттықтады.
– Осындай жарыстар балалардың спорттық әлеуетін ашып қана қоймай, облыс пен ел намысын әлемдік жарыстарда қорғайтын талантты жастарды анықтауға көмектеседі, – деді өңір басшысы. 
Катонқарағай, Күршім, Марқакөл, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Глубокое, Шемонаиха, Алтай, Самар және Үлкен Нарын аудандарынан жиналған спортшылар жеңіс үшін бақ сынасады.
Бағдарламаға жеті спорт түрі кіреді. Олар: мини-футбол, волейбол, баскетбол, күрес, шахмат, бокс және үстел теннисі.
Жарыс бірнеше жерде өтеді. Шағын футбол матчтары «Восток» және «Алтай» стадиондарында, шахмат ойыны А.С. Пушкин атындағы кітапханада, ал бокс Қасым Қайсенов кентінде өтеді.
AUYL SPORT – облысы әкімдігі мен ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдауымен, «Халық» қайырымдылық қоры бастамасымен қолға алынған жоба. Оның мақсаты – ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту.
– Жарыста жеңілгендер болмайды. Әрбір қатысушы жеңімпаз, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Фото: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив