A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 18:00 0

«Бозанбай маңында 4 асау үйретіледі» – Бағжан Марксұлы

Бүгін / Ұлан

Халықаралық «Шығыс Салбурыны – 2026» фестивалі аясында құсбегіліктен бөлек, жігіттер асау үйретеді. Ұйымдастырушылар соның анық-қанығын айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР «Құсбегілік» федерациясының ШҚО филиалының төрағасы Марксұлы Бағжанның сөзінше, алтыншы рет өтетін дәстүрлі фестивальде жігіттер көпшілік алдында төрт асау үйретеді.

– Бұған негізінен ауыл жастары қатысады. 5-6 жастағы шу асауларды ауыздықтайды. Жігіттерге арнайы сыйлықтар дайындалған. Асау үйретуге аттан хабары бар, көкпарға қатысып жүрген жігіттерді таңдаймыз, – деді Маркс Бағжан.

Одан бөлек, облыстық федерация төрағасы болашақта асау үйрету сайысын облыстық деңгейде өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив