A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:15 0

«Уба» шипажайы биыл жөнделмейді

Бүгін / Шемонаиха

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Шемонаиха ауданына жұмыс сапары барысында Выдриха ауылындағы «Уба» шипажайы жағдайымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жыл басталғалы шипажайда 2900 адам демалған. Олардың 2542-сі – зейнеткер. Ал 2025 жылы мұнда 3932 адам ем қабылдапты.

Биылғы демалушылар қатарында 156 мүгедектігі бар адам, 75 көпбалалы ана, 73 тыл еңбеккері, 35 Ауған соғысының ардагері, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан 16 адам және «ерекше тәуекелге барған жауынгерлер» санатына жататын үш адам бар.

«Уба» шипажайы профилактикалық және сауықтыру-емдеу бағытында жұмыс істейді. Мұнда балшықпен емдеу, ингаляция, оттегі терапиясы, гидротерапия, шөптермен емдеу, физиотерапия, массаж және емдік дене шынықтыру қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар галотерапия, шунгит терапиясы, климатотерапия және парафинмен емдеу процедуралары да қолжетімді.

Шипажай қалпына келтіру жұмыстарынан кейін 2002 жылы қайта ашылған. Ал екінші ғимараты 2012 жылы пайдалануға берілген. Аймақ басшысына шипажайда жөндеу жүргізу қажеттігі айтылды. Нұрымбет Сақтағанов бұл жағы 2027 жылы қарастырылатынын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив