Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 37 пайызға көп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауданның тұмса табиғаты пен спорттық деңгейі туризм әлеуетіне оң әсер етіп жатыр. Қазір ауданда 233 төсек орны бар, 11 туристік нысан жұмыс істейді. Туристердің ауданға көптеп ағылуы инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын жақсарту қажеттілігін арттырады.
Белгілі болғандай, биыл «Мария жартасы» маңында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, саябақ құрылмақ. Жобаның құны – 28,7 млн теңге.
Одан бөлек, бірнеше инвестициялық жобалар да жүзеге асырылуда. Олардың қатарында, «Антарес» қонақүйі (20 млн теңге), «Назтау» демалыс орны (15 млн теңге) және атпен серуендеу мүмкіндігі бар демалыс орны (35 млн) бар. Сонымен қатар, тағы бір демалыс орны (10 млн теңге) мен PR Tex қонақүйін кеңейту (10 млн теңге) жобалары жүзеге аспақ.
Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов аудан әкімі Ержан Шурмановқа облыстық Туризм және инвестициялар басқармасымен бірлесіп, туристік аймақтарда қажетті инженерлік, көлік және туристік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, әкімге туристік инфрақұрылым сапасын жақсарту, Үбі өзені бойындағы және басқа да туристік аймақтарды дамытуға инвестицияларды тартуды жалғастыру тапсырылды.
Пікірлер