A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 16:05 0

Шемонаихада «Жастар» стадионы жаңартылады

Бүгін / Шемонаиха

Аудандағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысынан кейін 2027 жылдың соңына дейін стадионды жаңарту жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов аудан тұрғындарымен өткен кездескенде мәлімдеді. Қазір ауданда 32 мәдени және 94 спорттық нысан бар. Өткен жылы Волчанка және Верх-Уба ауылдарындағы Мәдениет үйіне жөндеу жүргізілді. Оның бірі 43 млн теңгеге, енді бірі 1,9 млн теңгеге жөнделді. Ал Достық үйін жөндеуге 4,5 млн теңге қаражат жұмсалды.

Биыл Первомайский кентіндегі спорттық алаң 12 млн теңгеге жөнделді. Сонымен қатар, Камышенка, Зевакино ауылдарындағы спорттық алаңды жөндеу үшін 3,6 және 5,6 млн теңге қаражат бөлінді.

«Жастар» стадионы аумағындағы спорттық-сауықтыру орталығы 2022 жылы салынды. Жобаны одан әрі іске асыру үшін инвестициялық ұсыныс әзірленді. Енді ол салалық және экономикалық бағалауға ұсынылады.

Сонымен қатар, «Жастар» стадионын қайта құру жобасы KAZ Minerals компаниясымен 2027 жылға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға енгізілді. Бұл қосымша қаржыландыруды қарастыруға және нысанды кезең-кезеңімен жөндеуге мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы аудан әкімі Ержан Шурмановқа «Жастар» стадионын 2027 жылдың соңына дейін жаңартуды жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив