A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:05 0

ШҚО-да құқық бұзған 400-ден астам жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізілген

Бүгін / ШҚО

15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өңірде «Назар аударыңыз, балалар!» атты жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Науқан кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған.

Алдын алу жұмыстарына 300-ден астам полиция қызметкері мен тиісті мекеме өкілдері қатысты. 6 апта ішінде 1740 рейд жүргізіліп, су айдындарында 672 тексеру өтті.

Осы іс-шаралар нәтижесінде 1400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 421 кәмелетке толмаған бала полиция бөлімшелеріне жеткізілді, ал тағы 34-і Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Белгілі болғандай, іс-шара аясында жолдағы балалар қауіпсіздігіне ерекше басымдық берілді. Сақшылар білім беру мекемелері жанындағы жолдарды тексеріп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 209 ұйғарым шығарды. Бүгінде бұл ұйғарымдардың 205-і орындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив