A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:05 0

Өскеменде қоқыс алаңдарына камера орнатылуы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Қалада ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын заңсыз тастау фактілері жиі тіркелетін контейнер алаңдарына бейнебақылау камераларын орнату мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Биылғы наурыздан бастап қоқыс шығаратын ұйымдар контейнер алаңдарын ірі көлемді қалдықтардан тазарту жұмыстарын күшейткен. Алайда соған қарамастан тұрғындар қоқысты белгіленбеген орындарға тастауын жалғастырып келеді.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәліметінше, мәселені шешудің бір жолы ретінде заңсыз қоқыс тастау фактілері жиі анықталатын алаңдарға бейнебақылау камераларын орнату ұсынылған.
– Қала аумағында бейнебақылау камераларын орнату мәселесі Өскемен қалалық Полиция басқармасы мен облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасы құзыретіне жатады. Бұған дейін уәкілетті органдарға контейнер алаңдарына камера орнату туралы өтініштер жолданған. Әзірге мәселе шешімін тапқан жоқ, – делінген мәліметте.
Бөлім мәліметінше, камераларды орнату және олардың нақты орналасатын орындарын анықтау кезінде техникалық мүмкіндіктер ескерілетін болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив