Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы бағытындағы тасжолда болған жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қайғылы жағдай 3 қазанға қараған түні Глубокое ауданының Уварово ауылына бұрылатын жол маңында болған.
Полиция департаменті мәліметінше, жол апатына Lada Granta және Hyundai Starex көліктері қатысқан.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, – деді полицияның баспасөз қызметі маманы.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Пікірлер