Мұғалімдер саны басым аймақтар ішінде 67 мыңнан астам мұғалімі бар Түркістан облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ranking.kz мәліметінше, елдегі мектептерде мұғалімдер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Мәлім болғандай, 2025-2026 оқу жылында білім ошақтарында 415,5 мың педагог жұмыс істейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп.
Қазақстандағы мұғалімдердің басым бөлігі – нәзік жандылар. Анықталғандай, мектептерде 337,8 мың әйел педагог жұмыс істейді.
Ұстаздар саны бойынша Түркістан көш бастап тұрғанын айттық. Ал мұғалімдер саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда небәрі 3,8 мың педагог бар. Шығыс Қазақстанда 12236 ұстаз еңбек етіп жатыр. Дегенмен мамандар педагогтар саны бойынша көрсеткіш бір бөлек, олар беретін білім сапасы бір бөлек екенін алға тартты.
Осы жылдың II тоқсанындағы мәліметке сәйкес, республикада мұғалімдердің орташа жалақысы – 385 мың 700 теңгені көрсетті.
Пікірлер