Қазақстан әлеуметтік даму институты сауалнамасына қатысқан өңір тұрғындары ішінде бар болғаны 2,9%-ы ғана жағдайы нашар бола тұра мол дастархан жайып, той-думан өткізуді қолдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан әлеуметтік даму институты зерттеуінше, бұл елдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі.
Соңғы жылдары аста-төк той жасау тақырыбы баспасөз беттері мен әлеуметтік желіде жиі талқылана бастады. Талқыланатын жөні де бар. Мамандар сөзінше, ауқымды той-жиындар жас отбасыға қаржылық ауыртпашылық салып қана қоймай, той жасау үшін алынған несиелерді жабу мәселесін туғызады.
КИОР зерттеуі бұл тәжірибеге деген көзқарас әр аймақта әртүрлі екенін көрсетті. Шығыс Қазақстаннан басқа, қаржылық мүмкіндігі төмен болса, шашылудың қажеті жоқ дейтіндер Батыс Қазақстан облысынан шықты. Ол аймақта сауалнамаға қатысқандардың тек 2,7%-ы той өтсін деген. Маңғыстау өңірінде бұл көрсеткіш 10%, Павлодар облысында 10,3% және Қостанай облысында 15,7% болды. Сонымен қатар, Ақтөбе өңірінде респонденттердің 67,4%-ы, Түркістан облысында 50,7%-ы және Алматыда 45,5%-ы бұл тәжірибені қолдады.
Қазіргі заманның үйлену тойларын зерттейтін сарапшылар жастардың тойға деген көзқарасы өзгеріп жатқанын, оның себебі қоғамдық көзқарас пен туыстарды шақыруға байланысты екенін айтып жатыр. Анықталғандай, бұл ұлттық дәстүрді қабылдамау емес, шамадан тыс шығындардан аулақ болу ниеті.
Желі қолданушылары жас жұбайлар тек жақындары арасында ырымын жасап, жиналған ақшаны бал айына, пәтердің алғашқы жарнасына жинауға немесе басқа да ұзақ мерзімді мақсаттарға жұмсағанын жазыпты.
Отбасылық дәстүрге деген көзқарастың өзгеруін де байқауға болады. КИОР-дың 2024 жылы 2400 респондент арасында жүргізген «Қазақстандық отбасылардағы ұрпақаралық өзара әрекеттесудің сипаттамалары» зерттеуіне сәйкес, тұрғындардың 61,3%-ы ресми неке тіркеуді табыс кепілі деп санайды. Тағы 29,1%-ы оны міндетті деп санамайды, ал 9,6%-ы ресми некені отбасылық бақыт үшін маңызды шарт ретінде көрмейді.
Пікірлер