Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында жүлде алған Қазақстан спортшыларына ақшалай сыйақы төленеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Туризм және спорт министрлігі бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. Төлемдер теңгемен жүзеге асырылады.
Ел құрамасы Аичи–Нагоя Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар. Бұл нәтиже Қазақстанға жалпы медаль кестесінде сегізінші орын алуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, бұл сында Руслан Құрбанов пен Вадим Шарлаимов (екеуі де Өскемен) семсерлесуден Ұлттық құрама мүшелерімен бірге, командалық сында топ жарған болатын.
Батырхан Төлеуғали таеквондодан, Маргарита Таранцева ескек есуден қола медаль еншіледі.
Фото: vlast.kz
Пікірлер