A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:50 0

Шығысқазақстандық ұстаз Президент қолынан марапат алды

Бүгін / ШҚО / Басты

Бүгін Ақордада өткен салтанатты жиында білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар маман мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Олардың қатарында Өскемендегі «Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының» мұғалімі Меруерт Мұқашева да бар. Ол Президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды. 29 жылын білім саласына арнаған тәжірибелі ұстаз үшін бұл марапаттың орны ерекше. Оның айтуынша, мемлекеттік награда – еңбектің бағасы ғана емес, педагогке жүктелетін жаңа жауапкершілік. Жерлесіміз марапатқа ие болған соң алған әсерімен бөлісті.
– Бүгін ұстаздар қауымы үшін де, өз басым үшін де ерекше күн. Президенттің қолынан мемлекеттік марапатты алу деген біздің еңбегіміздің жемісі ақталып жатқаны үшін қуанамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестік. Ол кісінің алдында тұрып сөз сөйлеудің өзі үлкен бақыт. Ұстаздардың еңбегін бағалап, марапаттап жатқан Президентімізге, білім жүйесіндегі әрбір қызметкерге алғыс айтамын, – деді Меруерт Мұқашева.

Оның айтуынша, педагогика саласында еңбек етіп жүргеніне 29 жыл болған. Осы уақыт ішінде ұстаз өзінің негізгі ұстанымын қалыптастырған.

– Педагогикадағы 30 жылға жуық ғұмырымда өзімнің негізгі ұстанымым – ұстазым Қанипа Омарғалиқызы айтқандай, теория мен тәжірибені қатар алып жүру. Тек қана білім беріп қоймай, шығармашылықпен, ғылыми ізденіспен айналысып, шәкірттеріме де дарытуға мақсат етемін, – деді ол.

Меруерт Мұқашева әр заманның өз буыны мен өз талабы болатынын айтып, педагогтің де заман ағымына қарай үнемі ізденуі керектігін өтті.

– Әр заманның өзінің буыны, толқыны болады. Біз алғаш еңбек жолымызды бастағанда біз де жас маман болдық. Оқушылармен бірге кәсіби өстік. Сол 29 жылдық еңбек жолымда, педагогикалық кәсіби алаңда қазіргі замандағы дамуды байқап отырмын. Сондықтан біз – педагогтер бір орында тоқтап қалмауымыз керек, – деді ұстаз.

Ол бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа технологиялар мен жасанды интеллектінің маңызы артқанымен, оқу мәдениетін де назардан тыс қалдырмау қажет екенін айтты.

– «Заманына қарай адамы» деп жаңа технология, цифрлық технология, жасанды интеллект десек те, біз қайта айналып оқу мәдениетіне келудеміз. Оқушының оқырмандық қабілетін дамыта отырып, заманауи тұлғаны қоса алып жүргеніміз абзал», – деді Меруерт Мұқашева.

Ұстаз кәсіби жолын енді бастап келе жатқан әріптестеріне де өз кеңесін берді.

- Сол үшін кәсіби еңбек жолын жаңа бастап жатқан ұстаздарға «Еңбек етсең, емерсің» дегенді еске сала отырып, еңбек етуден жалықпай, ізденуге шақырамын, – деді ол.

Меруерт Мұқашева мемлекеттік марапаттың өзіне жаңа міндет жүктегенін атап өтті.

 – Еңбек, оқу мәдениеті, жастарды тәрбиелеу, білім саласындағы заманауи үлгі туралы айтылып жатыр. Біз бұл жерде тек марапатталып қана қоймай, өз басым жауапкершілікті артып қайтып барамын. Екіншіден, шабыт сыйлады. Бұл төсбелгімен тоқтамаймыз. Әлі талай еліне пайдасы тиетін жастарды тәрбиелеуміз деп үміттенемін, – деді ұстаз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив