A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 16:50 0

Жағдайы нашарлаған науқасты Үлкен Нарыннан Өскеменге тікұшақпен жеткізді

Бүгін / Үлкен Нарын / Өскемен

«Қазавиақұтқару» экипажы науқасты Өскеменге шұғыл жеткізу үшін санитариялық авиация рейсін орындады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Экипаж «Өскемен – Үлкен Нарын – Өскемен» бағыты бойынша әуеге көтерілді. Рейсті ұшқыштар Евгений Гончаров, Леонид Калеканов және Ержан Әмірқанов орындаған.
Санитариялық авиация дәрігерлері Рустам Мұқажанов пен Татьяна Сергеева науқас жағдайын бақылауда ұстады.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, рейс сәтті аяқталған. Ер адам одан әрі ем алу үшін Өскемендегі медициналық мекемеге жеткізілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив