A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 09:40 0

Бозанбайда 2RAR өнер көрсетеді

Бүгін / Ұлан

«Шығыс Салбурыны – 2026» халықаралық фестивалінің гала-концертінде өнер көрсететін қонақтар белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дәстүрлі шара 9-10 қазан күндері Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» алаңында өтеді. Биыл фестиваль аясында құсбегіліктен алғаш рет Азия кубогі сарапқа салынады. Додаға 9 елден 150-ге жуық құсбегі қатысады жоспарланып отыр.
10 қазанда аталған сайыс түрінен бөлек, шырға тарту, жамбы ату, теңге ілу, арқан тартыс және таяқ тартыс сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Ал сағат 13:00-де өтетін гала-концертте 2RAR, Joshy Qazaq National Group және Қазыбек Әдікей көпшілік алдына беттейді.
Айта кетейік, биыл фестивальдің жүлде қоры 4 млн теңгеге жуық.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив