Жол-көлік оқиғасы бүгін Бажов пен Стахановская көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Chevrolet Cruze маркалы көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу кетіп бара жатқан қызды қағып кетті, - деді ШҚО полиция басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен жарақат алған. Сол себепті сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Пікірлер