Абай облысы полиция департаменті қызметкерлері борышкердің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Өскемен-Алматы бағытындағы тасжолда патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ-21110 маркалы көлігін тоқтатты. Өзбекстан азаматының әкімшілік айыппұл бойынша бір миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталды, - деді Абай облыстық полиция департаментіндегілер.
Жүгізуші қарызын толық төлегенше көлік мамандандырылған тұраққа жіберілді.
Пікірлер