A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 17:00 0

Мүгедектігі бар адамдарды қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі күшейтілді - Бектенов

Бүгін / Республика

Премьер-министр Олжас Бектенов Құрылтай депутаттарының сауалына берген жауабында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселесіне түсінік берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жұмыстың негізгі бағыттары 2025 — 2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасында көзделген. Тұжырымдама әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, инфрақұрылымның қолжетімділігі және басқа да бағыттар бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдарды қамтиды.

— Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесі 2005 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы маусымға дейін Үкіметтің жанында жұмыс істеді. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылу аясында Кеңестің қызметін үйлестіру мәселесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелді. Кеңестің өкілеттік мерзімі — үш жыл. Қазіргі уақытта өкілеттік мерзімінің аяқталуына (осы жылдың 30 қыркүйегінде) байланысты Кеңестің жаңа құрамы қалыптастырылып жатыр. Кеңеске депутаттық корпустың, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-сараптамалық ұйымдардың, әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген тауарлар мен қызметтерді берушілердің, әкімдердің кеңесшілерінің және тағы басқа өкілдер енгізіліп жатыр, — делінген Олжас Бектеновтің жауабында.

Оның сөзіне қарағанда, ведомствоаралық үйлестірудің тиімділігін арттыру мақсатында Үйлестіру кеңесінің жұмыс форматы, кешенді мәселелерді қарау, жауапты орындаушылар, орындау мерзімдері мен іс-шараларды бақылау күшейтілді.

— Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға қатысты ведомствоаралық мәселелер Премьер-министр орынбасарының деңгейінде қарау және үйлестіру жүйелі жолға қойылған. Осылайша, қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың институционалдық тетігі қалыптастырылған, — деді Үкімет басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив