A+ A A-

talgatzhan 52 20-11-2024, 13:30 0

Өскеменде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің үздіктері марапатталды

Бүгін / Өскемен

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мерекеге аймақ басшысы Ермек Көшербаев пен ҚР Ауыл шаруашылығы вице министрі Ербол Тасжүреков қатысты. Концерттік бағдарламадан бұрын филармония фойесінде өңірдегі кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылды. Ермек Беделбайұлы әр бастамамен жеке танысып, өз бағасын берді. Соның бірі - Зайсан ауданындағы қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырын өсірумен айналысатын “Ақбай” шаруа қожалығы. Оның басшысы Саулеш Абылғожинаның айтуынша, қазір халал шұжық халық тарапынан мол сұранысқа ие. 
- Қожалық 2012 жылы Үлкен Қаратал ауылында ашылды. Былтырдын бастап өсіріп отырған мал етінен халал шұжық пен ет өнімдерін дайындап келеміз. 5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алып, қажетті құрал-жабдықты сатып алдық. Қожалықта 20 адам жұмыс істейді. Айына 1000 тоннаға дейін тауар шығарамыз. Шұжықтан басқа қақталған жылқы еті, қазы, жартылай фабрикат өнімдерін дайындаймыз. Барлығының бағасы қолжетімді, бүкіл республика бойынша жеткізу қызметі бар. Болашақта кәсібімізді одан әрі дамытып, ұлттық тағам түрлерін шығаруды жоспарлап отырмыз, - дейді ол. 
Мерекелік концерт барысында облыс әкімі Ермек Көшербаев  ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, саланың бүгінгі жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, өз ісінің нағыз мамандарының арқасында Шығыс Қазақстан ірі агроөнеркәсіпті өңірге айналды. Сондай-ақ ол бірқатар шығысқазақстандықты “Ерен еңбегі үшін” медалімен, “Құрмет”, “Парасат” орденімен, Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттады. 
Ал Ауыл шаруашылығы вице министрі Ербол Тасжүреков облыс дамуына үлес қосып келе жатқан сала мамандары мен кәсіпкерлерге министрліктің “Еңбек ардагері” медалі мен ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасын табыс етті. 
Марапаттау рәсімінен кейін Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистері өнер көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив