Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz cайтының тілшісі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар азаматтарды алдау үшін алаяқтық схемаларды қолданып, жалға пәтер алған. Күдіктілердің үйінен қылмыстық әрекеттерінің заттай дәлелдері тәркіленді.
Анықталғандай, 28 және 29 жастағы екі ер адам азаматтардың сеніміне кіре отырып, қолма-қол ақша мен жеке деректерін алу үшін түрлі онлайн платформаларды пайдаланған. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрайды.
Қазіргі таңда тергеу жалғасып, олардың басқа алаяқтық фактілерге қатысы бар-жоғы анықталуда.
Пікірлер