A+ A A-

talgatzhan 25 20-11-2024, 16:10 0

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратынша, 21 қарашада күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Аймақтың батысында, солтүстігі мен шығысында бұрқасын мен көктайғақ болуы ықтимал. Екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады. 

Ал Өскеменде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-18 м/с жететін жел ұйытқиды. 

Осы тұста ШҚО ТЖД мамандары көлігіңіз қыс мезгілінде жүру үшін жабдықталмаған болса, елді мекендерден тыс сапарға шықпауға кеңес береді. Көлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтап, жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін абай болу керек. 

Төтенше жағдайда "112"нөміріне қоңырау шалыңыздар. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив