19 қараша күні Өскемен-Самар тасжолының 75-ші шақырымында VOLVO жүк көлігі жарылған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Самар ауданында тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін жүк көлігімен тасымалданған зат жарылып, жүргізуші мен жолаушы қаза болды.
Анықталғандай, оған жақын кетіп бара жатқан үш көлік пен екі адам зардап шекті.
Біреуі облыстық орталық ауруханаға жеткізілсе, екіншісіне жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Екеуінің де жағдайы ауыр емес, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.
Пікірлер