Бүгін облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әсіресе, Металлургтер мәдениет сарайы (ДКМ) мен Гагарин бульвары аумағындағы тұрғындар ауа сапасының күрт нашарлағаны туралы дабыл қақты.
Әлеуметтік желіде тараған шағымдардан соң ШҚО Экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, аспаптық өлшеулер жүргізді.
- Гагарин бульварында газ анализаторымен азот диоксиді мен формальдегид өлшенді. Оның нәтижелері қосымша хабарланады, - деді ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Пікірлер