A+ A A-

talgatzhan 16 20-11-2024, 17:51 0

Өскеменде вокзал ғимараты жөнделіп жатыр

Бүгін / Өскемен

Мызы көшесіндегі вокзал ғимараты 1936 жылы салынған еді. Қазір ол жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдени ескерткіштердің тізіміне енді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Вокзал иесі – «Автовокзал-Компани» ЖШС. Қазір бұл ғимарат жөндеу жұмыстарын қажет етіп отыр. Тіпті, 2021 жылы оны шұғыл түрде жабуға тура келген еді. 
Ал Өскемен қаласы архитектура, ескерткіштер мен археология бөлімі өкілдерінің айтуынша, 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий енгізілген соң бұл нысанға аудит жүргізілмеді. Бірақ биыл қала әкімі Жақсылық Омар ғимараттың тексерілетінін мәлім етті. 
- Егер осы тексеру қорытындысында меншік иесі нысанды дұрыс күтіп-ұстап отырғаны анықталса, вокзал ғимаратын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіледі, - деді ол.
Қалалық сәулет бөлімі өкілдерінің хабарлауынша, жуықта вокзал иесімен кездесу өтіп, қандай жөндеу мен қалпына келтіру шаралары қажет екендігі талқыланды.
- Жұмыс жоспар бойынша жүргізілмек. Қазіргі таңда жөндеу жұмысының 50 пайызы аяқталды, - деп толықтырды ведомстводағылар.
Айта кетейік, жөндеуге қарамастан вокзал қызмет тоқтатылған жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив