A+ A A-

talgatzhan 40 20-11-2024, 22:28 0

Тамара Дүйсенова ШҚО-дағы білім саласы мамандарымен кездесті

Бүгін / ШҚО

Жұмыс сапары барысында жауапты тұлға білім берудегі сабақтастық мәселесіне мән берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры Светлана Стельмахтың сөзінше, баламен жұмысты ерте жасынан бастаса, бұл олардың қоршаған ортадағы өзгерістерді қажет етпестен қоғамға сәтті бейімделуіне және интеграциялануына көмектеседі. 
—  Қазіргі уақытта біз толық әлеуметтендірілген балаларды шығарып жатырмыз және бұл үдеріс неғұрлым ерте басталса, нәтижесі соғұрлым тиімді болады, —  деді ол.
Өңір мектептері директорларымен өткен кеңесте орта білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Тамара Дүйсеноваға аймақта бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. Анығы сол, қазір ел бойынша тірек мектептер жобасы жүзеге асырылып келеді. Білім беруді тұрақты дамыту қорының үйлестіруімен Шығыс өңірінде биыл 8 білім ошағы қамтылып отыр. Ұйымның директоры Данияр Тоқтарбаевтың айтуынша, оның аясында демеушілер есебінен 2 млрд теңге тартылып, жиыны 274 кабинет қажетті құралдармен жабдықталған.
Тамара Дүйсенова білім берудегі сабақтастық мәселесіне мән берді. Ол алдымен қаладағы балабқшалардың біріне барды Сөзінше, бүлдіршіннің жеке даму картасы қалыптасып, кейін мектептің бастауыш сыныбына табысталуы шарт. Осылайша ұстаз баланың қажеттіліктеріне сай жұмыс істеп, білім берудегі бірізділікке жол ашылады.
Мектепке дейінгі білім беруге қатысты өзгерістер балабақша басшыларымен өткен кеңесте қаралды. Онда елде енгізіліп жатқан ваучерлік қаржыландыру әдістемесі талқыланды. 
Тараз қаласында пилоттық негізде енгізілген жүйе балабақша кезегі мәселесін шеше отырып, салаға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз еткен. Қазірде бұл әдіс Шымкент, Түркістан қалаларында сынақтан өтуде. Басқосу барысында аймақтағы балабақша меңгерушілері көкейдегі сауалдарын қойып, салалық министрлік өкілдерінен тұщымды жауап ұсынылды.
– Біздің негізгі мақсатымыз – білім берумен шектелмей, азаматтың тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету. Ол үшін балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейін бірізді, өзара сабақтас жүйе қалыптасуы маңызды. Сонымен қатар әр бағытта үздік оқу бағдарламалары, әдістемелер пайдаланылып, ұстаздар біліктілігін ұдайы арттырып отырғаны маңызды. Сапалы білім алған азамат біздің келешегіміздің кепілі екенін естен шығармауымыз қажет, — деді Тамара Дүйсенова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив