Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің ішінде 14 жасқа дейінгі 288 бала бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласы әкімдігінің ақпаратынша, биыл 448 адамды қаңғыбас ит қапқан. 369 адам өзі асырап отырған иттен зардап шексе, 69 адамды қаңғыбас мысық, 161 адамды үй мысығы тістеген. Барлығына құтыруға қарсы көмек көрсетілді.
Эпидемиологтар ит пен мысықтың тістеуі құтыру және сіреспе ауруына әкелуі мүмкін дейді. Бірақ бүгінге дейін қалада мұндай жағдай тіркелмеді.
Егер тұрғын ауруханаға жүгінсе, құтыруға қарсы вакцинамен профилактикалық емдеу курсы жүргізіледі. Зардап шегуші бір ай бойы міндетті медициналық бақылауда болады.
Айта кетейік, құтыруға қарсы профилактикалық егу тегін.
Пікірлер