ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына ауа-райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыста қар аралас жанбыр мен көктайғақтың болуына байланысты барлығын жол жүру қағидаларын сақтауға шақырамыз. Қатты қажеттілік болмаса, ауа-райы нашарлағанда алыс сапарларға шықпаған жөн. Жүргізушілер барынша сақтық шараларына мән беріп, жол қозғалысы туралы ақпараттарға назар аударса дейміз, - делінген мәліметте.
Пікірлер