"Қазгидромет" РМК облыс бойынша филиалы ақпаратынша, 22 қарашада түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ өңірдің батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, батыс пен солтүстікте екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел соғады деп жазылған.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мамандары көлігі қыста жүру үшін жабдықталмаған тұрғындарға елдімекеннен тыс жолға шықпауға кеңес береді.
- Көлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтауы керек, ал жаяу жүргіншілерге жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін абай болған жөн. Төтенше жағдайда "112"нөміріне қоңырау шалыңыздар, - делінген ақпаратта.
Пікірлер