A+ A A-

talgatzhan 41 21-11-2024, 16:10 0

ШҚО-да биыл мемлекеттік бюджетке 207,5 миллиард теңге түсті

Бүгін / ШҚО

Он айдың қорытындысында облыстан мемлекеттік бюджетке түсім 207,5 миллиард теңгені құрады, оның ішінде, нөлдік мөлшерлеме бойынша қосымша құн салығын қайтару 186,2 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыштың сөзінше, бюджетке елеулі түсімдерді қамтамасыз еткен негізгі салалар: көтерме және бөлшек сауда – 20,8%, тау-кен өнеркәсібі – 14,0%, құрылыс – 13,7%, сондай-ақ электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеу – 6,8%. 
– Бұл салалардағы өсім сату көлемінің артуымен, ірі кәсіпорындардың тұрақты жұмысымен және қаржылық көрсеткіштердің жақсаруымен байланысты, – деді ол.
Оның айтуынша, биыл өңірдегі сыртқы сауда айналымы 2,7 миллион АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артық. Экспорттың өсуіне «Қазцинк» және «Қазатомөнеркәсіп» сияқты ірі компаниялардың белсенді жұмысы ықпал етті. Бұл компаниялардың экспорттық жеткізілімдері аймақ кірісін арттырудың негізгі факторларының бірі болды.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасының сақталуын бақылау бойынша 794 тексеру жүргізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 78,8%-ға көп. Тексерулер санының өсуіне қарамастан, салық төлеушілерден шағымдар немесе бұзушылықтар тіркелген жоқ.
– Осы жылдың маңызды жетістіктерінің бірі – мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды сәтті жүзеге асыру. 2024 жылдың 1 қарашасына қарай барлық қызметтердің 99,6%-ы электрондық форматта көрсетілді, – делінген ақпаратта.
Былтыр 26 353 салықтық есептеу және 7 007 салықты қайтару рәсімдері жүргізілсе, биыл бұл көрсеткіш 23 511 есептеу және 5 912 қайтаруды құрады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив