Облыс орталығындағы жаңажылдық безендіру 17 желтоқсанға жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қаладағы қоғамдық және демалыс орындары тегіс безендірілмек. Жауапты адамдар қазір барлық қондырғыны дайындап жатыр. Оған заманауи әрі сапалы материалдар пайдаланылады.
Мерекенің басты символы ретінде орталық алаңда жаңа жылдық шырша қойылады. Дәстүр бойынша ол ою-өрнектермен безендіріліп, әшекейлердің көлемі артады. Алаңда суретке түсуге арналған арнайы орын әзірленбек, ал субұрқақ маңын былтырғыдағыдай безендіріп қояды.
Биыл ашылған Үлбі жағалауы да түрлі әшекейлермен көмкерілмек. Қала әкімдігі өкілдері алаңға пойыз әкеліп қойсақ па деп отыр.
Қазақстан көшесі, Назарбаев даңғылы мен Ушанов алаңы да ерекше етіп безендірілетін көрінеді. Осы ретте қалалық әкімдік кәсіпкерлерден өз дүкендерін мерекеге сай дайындауды сұрады. Үздік дизайн үшін бағалы сыйлықтар қарастырылған. Сондай-ақ әлеуметтік және мемлекеттік нысандар да безендірілуі тиіс.
- 17 желтоқсанда барлық әшекейді орнатып, безендіруге үлгеру үшін қазір барлығын жасап жатырмыз, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Айта кетейік, қаладағы көпірлерді безендіру мәселесі де қолға алынды.
Пікірлер