Жол-көлік оқиғасы 21 қараша күні кешкісін Абай даңғылы мен Красин көшесінің қиылысында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер велосипед мінген ер адам жолды кесіп өтіп, Jac S5 маркалы көлігімен соқтығысқанын жеткізді. Соған сәйкес велосипедшіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы ретте полиция қызметкерлері жолда барынша мұқият болуды еске салды.
Фотосурет: yk-news.kz
Пікірлер